ШЕБЕРЛЕР ЗАЛЫ

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің, шеберлер залы Алматы қаласы әкімдігі, Алматы қаласының мәденет басқармасы, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің ұйымдастыруымен өткен «Аңыз Домбыра» – атты домбыра аспабын жасаушы қолөнер шеберлерінің 1-ші Республикалық байқау-бәйгесімен тікелей байланысты. Домбыра – қазақтың аңыз аспабы. 2016 жылы ұйымдастырылған байқауда бас жүлде, бірінші, екінші, үшінші орынға ие болған шеберлердің домбыра аспаптары байқаудан соң музей қорына өткізілді.

«Аңыз Домбыра» – атты домбыра аспабын жасаушы қолөнер шеберлерінің 1-ші Республикалық байқау-бәйгесі, сан ғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптарды жасау шеберлігін жандандыру, сол арқылы жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы мен құрметін ояту мақсатында өткізілді.

Байқау-бәйгенің қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған домбыралар музей қаржысына сатып алынып, музейдің негізгі қорына қалдырылды. Сол арқылы аспап және оны жасаушы шебердің шығармашылық жұмысы музей экспозициясы арқылы кең көлемде насихатталады. Біз көбінде күйші мен әншіні ғана танимыз, ал, өнер адамының аспабын жасайтын шеберлер туралы біле бермейміз. Экспозиция төрінен орын алған, он саусағынан өнер тамған шеберлердің домбыра аспаптарын тамашалай аласыздар.