Шеберлер залы

     Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің, шеберлер зала Алматы қаласы әкімдігі, Алматы қаласының мәдит басқармасы, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің ұйымдастыруымен өткен «Аңыз Домбыра» - атты домбыра аспабын жасаушы қолөнер шеберлерінің 1-ші Республикалық байқау-бәйгесімны тікели байланысты. Домбыра - қазақтың аңыз аспабы. 2016 жылы ұйымдастырылған байқауда бас жүлде, бірінші, екінші, үшінші орынға ие болған шеберлердің домбыра аспаптары байқаудан соң музей қорына өткізілді.

     «Аңыз Домбыра» - атты домбыра аспабын жасаушы қолөнер шеберлерінің 1-ші Республикалық байқау-бәйгесі, сан ғасырлық тарих бар музыкалық аспаптардов жасау шеберлігін жандандыр, сол арқылы жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы мен құрметін оят мақсатында өткізілді.

     Байқау-бәйгенің қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған домбыралар музей қаржысына сатып алынып, музейдің негізгі қорына қалдырылды. Сол арқылы аспап және оны жасаушы шебердің шығармашылық жұмысы музей экспозициясы арқылы кең көлемде насихатталады. Біз көбінде күйші мен әншіні ғана танимыз, ал, өнер адамының аспабын жасайтын шеберлер туралы біле бермейміз. Экспозиция төрінен орын алған, он саусағынан өнер тамған шеберлердің домбыра аспаптарын тамашалай аласыздар.