«ӨТЕДІ ТАЛАЙ ҚЫЗЫҚ ТІРШІЛІКТЕ»

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Наурызбек жыраудың домбырасын музейге салтанатты түрде тапсыру және Халық әні кафедрасының 30 жылдық мерекесіне орай  «ӨТЕДІ ТАЛАЙ ҚЫЗЫҚ ТІРШІЛІКТЕ» атты Батыс Қазақстан және Бесқала аймағының  жыр, ән, күй  кеші өтті. Кеште: жыршылар А. Наурызбекұлы, Е. Бабақұлов және Халық әні кафедрасының ұстаздары Э. Карабалина, В. Қаржаубаева, К. Қайруллаевтар шәкірттерімен өнер көрсетті.