«Ұлттық өнерді ұлық еткен шебер» Жақсылық Оспановты еске алу шығармашылық кешіне орай өтетін концерт

                                                                            БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

«Ұлттық өнерді ұлық еткен шебер» Жақсылық Оспановты еске алу шығармашылық кешіне орай өтетін концерт

2018 жылдың 01 ақпан күні, сағат 17:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің концерт залында белгілі шебер Жақсылық Оспановты еске алу шығармашылық кеші өтеді.

Жақсылық Оспанов 1957 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. Алматы көркем-сурет училещесін, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің көркем-сурет графика факультетін бітірген. 1992 жылы өткен І Республикалық «Үкілі домбыра» атты домбыра аспабын жасаушы шеберлердің байқау-бәйгесінде Бас жүлдені жеңіп алған. 1995 жылдан Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі болды.

Ж. Оспановтың – музыкалық аспаптарын музей сахнасында жаңа қырынан көрсету, шебердің өнерін қайта жаңғырту, келешекке сақталуына ықпал жасау, насихатталуына үлес қосу. 1992 жылы өткен І Республикалық «Үкілі домбыра» атты домбыра аспабын жасаушы шеберлердің байқау-бәйгесіне жасаған домбырасы – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа тапсырылды.

Қазіргі уақытта оның қолымен жасалған қазақ ұлтының музыкалық аспаптары: ҚР Халық артистері А. Есқалиев, А. Қоразбаев, «Дарын» сыйлығының лауреаттары – Б. Тілеухан, А. Үлкенбаева т.б. қазақ ұлтының жанашырларының қолында.

Ж. Оспановты еске алу және шығармашылық кешінде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік стипендия иегері Тұңғыш Президент Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты Н. Әшіров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері А. Жүдебаев, ҚР Мәдениет қайраткері, «Дарын» сыйлығының иегері М. Нукеев, Мәдениет саласының үздігі Р. Баймұхатов, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты А. Қойшыбаевтар өнер көрсетеді.

Асыл мұрамыз насихатталатын бұл еске алу және шығармашылық кешінде қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше кеш сыйламақ.   

Өтетін орны: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24

Байланыс телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16