Қазақстан мен Индонезия елдері ынтымақтастығының 25 жылдығына арналған мерекелік концерт

                          Описание: C:\Users\Музей5\Desktop\НА САЙТ\Логотипы\images.png                                  

                                                                                                    БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

                                        Қазақстан мен Индонезия елдері ынтымақтастығының 25 жылдығына арналған мерекелік концерт

     2018 жылдың 20 сәуір күні сағат 14:00 де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Қазақстан және Индонезия елдері арасындағы ынтымақтастықтың 25 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді.

     Атаулы дата аясында өнерпаздар қазақ елін Индонезияның дәстүрлі музыка мәдениетімен таныстырмақшы. Индонезия музыканты ұлттық аспаптары Сасандо аспабында өнер көрсетіп, өнерпаздары ұлттық би өнерімен таныстырады. Аталған іс-шараға Индонезия Республикасының Қазақстандағы өкілетті елшісі Рахмат Прамоно қатысады. Кеш соңында Индонезияның ұлттық музыкалық аспаптары музей қорына табысталады.

     Индонезия Республикасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін 1991 ж. 28 желтоқсанда мойындаған алғашқы мемлекеттер қатарына жатады. Екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылдың 2 маусымынан бастау алады. 25 жыл ішінде мемлекеттер саяси, парламент аралық, халықаралық ұйымдар мен форумдар, сауда-экономикалық, әскери-техникалық, мәдени-гуманитарлық салаларда байланыс орнатып, тығыз қарым-қатынас жасауда. Индонезия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне 2017 жылы мамырда тағайындалған Рахмат Прамоно екі ел арасындағы достық қатынастардың дамуы бағытында еңбек етуде.

Кіру тегін

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24А.

Анықтама телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16

Музей сайты: www.yqlasmusmuseum.kz

E-mail:

Facebook: Музей народных музыкальных инструментов им. Ыхласа