Шыңдауыл аспабы

     Шыңдауыл – соқпалы музыкалық аспап. Шыңдауыл дауылпаздың бір түрі. Ол жезден жасалып, шанағының бір жағы көнмен (симфния оркестрде қолданылатын литавра музыкалық аспабы тектес) қапталады, ал оның астыңғы жағында түрлі түсті жіптен тоқылған бау өткізетін шығыршығы болады. Металдан жасалған шанағы ою-өрнекпен безендіріледі. Шыңдауыл аспабын бүйір жағына бекітілген қайыстан ұстап тұрып, көн теріні соғып ойнайтын болған. Шыңдауылдың өзіне тән дыбыс күші, бояуы бар. Шыңдауыл көлемі жағынан әр түрлі болып келеді. Ертеректе шыңдауылды аңшылар да пайдаланған; осыған қоса кезінде академик Ә.Марғұлан шыңдауыл аспабының ерте заманда әскери-шерулік сипат алғанын да атап өтеді. Қазіргі кезде шыңдауылдың жетілдіріліп жасалған түрі халық оркестрлері мен ансамбльдерде қолданылады. Ә. Марғұлан былай деп жазады: «Дауылпаз көбінесе қаршығамен аңға шыққанда қолданылса, ал шыңдауыл – әскери-парадтық сипат алып, аңдарды көптеп үйіріп, қаумалап аулау кезінде пайданылған».