Инструмент сурнай

     Сурнай – татар халқының үрмелі музыкалық аспабы. Бақташылардың аспабы болып саналады, негізінен мүйізден жасалады. Ұзындығы 400-550 мм.

     Сурнай діңі конус пішінді болып, ағаштан (өрік ағашы) жасалған аспап. Төменгі жағы конус тәрізді кеңейеді. Жоғарғы жағына ашамен ағаш тығын орнатылады. Осы тығынға іші қуыс металл штифт (өзек), кейін бұған қосарлы таяққа айналатын майыстырылған қамыс орнатады. Діңгектің алдыңғы жағынан 6 және қарсы беттен 1 ойын саңылауы жасалады. Аспаптың дыбыс қатары – аздап диатоникалық.

     Сурнайды сәл еңкейтіп ұстайды, аспапты ауызбен еркін ұстап, ерінмен қыспайды. Дыбысы мықты. Аспаптың ерекшелігі – ауыз қуысын волынканың терісі секілді өзгеше ауа резервуары ретінде қолдану арқылы үздіксіз әрі ұзақ дыбыс шығару. Ауыз қуысы мықты ауа ағымын ұстап тұруы үшін штифтке мүйіз не сүйектен жасалған пластина кигізіледі, ол ерінге тірек қызметін атқарады.

Әдебиет: Атлас музыкальных инструментов народов СССР. Москва, 1963.