Сапар Ділмановтың музыкалық аспаптар коллекциясы музейге беріледі

                               

                                                                                              БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

 

30 маусым күні, сағат 15.00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қозғалған ұлттық код, ұлттық сана бағдарламасын іске асыру мақсатында танымал шебер, «Шертер» фирмасының негізін қалаған Сапар Ділмановтың музыкалық аспаптар коллекциясы музейге сыйға берілу тұсаукесері өтеді. Аспаптар коллекциясын тапсырушы шебер Бақытжан Ділманов. Тұсаукесер аясында музей қабырғасында алғаш рет «Шеберлер кеңесі» құрылады.

Кеңестің құрылуының мақсаты -  музыкалық аспаптар жасайтын шеберлердің қолтаңбасын музейде қалдыру, аспап жасаушы шеберлердің өнерін көпшілікке кеңінен насихаттау.  Шеберлердің қолымен жасалған жеке туындыларын музейге алып, музей жәдігерлерінің санын арттыру.

Мақсаты – музей аспаптарын жаңа қырынан көрсету, шеберлер өнерін қайта жаңғырту, келешекке сақталуына ықпал жасау, насихатталуына үлес қосу.
 

Мекен жайы: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24А.

Байланыс телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16

Эл.почта: [email protected]