МУЗЕЙ ҒИМАРАТЫ САНДАР МЕН ДЕРЕКТЕРДЕ

Музей ғимараты Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімінде. Верный қаласының қоғамдық құрылысы ағаш сәулет өнерінің бұл үлгісін, 1908 жылы Андрей Палович Зенков (1863-1936) салған.

Петербург әскери-инженерлік академиясының түлегі А.П. Зенков ғимараттың жобасын жасау барысында «Ропет стилін», яғни, оны безендіруде көне орыс сәулет өнерінің элементтерін қолданған.

  • 1908 ж. – Офицерлер жеке құрамының клубы
  • 1911 ж. – Ғимарат 10 баллдық жер сілкінісіне төтеп берді
  • 1913 ж. – Жетісудың бірінші ауылшаруашылық және өндірістік көрмесінің көрме павильоны
  • 1918 ж. – Пошта-телеграф кеңсесі
  • 1927-1929 жж. – «Красная звезда» (Қызыл жұлдыз) кинотеатры
  • 1941-1945 жж. – Ұлы Отан Соғысы жылдары бұл жерде Р. Зеленая, А.Райкин, Н.Рубандардың қатысуымен эвакуацияланған (көшірілген) кеңестік сатира, музыкалық комедия, оперетта театрларының ұжымдары өнер көрсеткен
  • 1977 ж. – Офицерлердің жиналыс үйі
  • 1979 ж. – Аймақтық офицерлер үйі; ОАӘО (Орта Азия әскери округі) офицерлер үйі
  • 1979 ж. – Ағаштан ойылған өрнектерге қазақтың ұлттық оюлары қосылды: «ағаш» - өмір ағашы, «шынжара» - толқындар тербелісі, «үзілмес» - шырмалғыш сабақ, «өткізбе» - мүйіз тәріздес шиыршық ұғымдарын береді
  • 1980 ж. – № 358 қаулы бойынша ҚазКСР-дың «Республикалық халық музыкалық аспаптар музейі» құрылды